Астана · Нұра ауданы
Байлық — бақытты балалық
Rich Baby — Астанадағы қазақ тілінде оқытатын шағын балабақша. Біздің байлығымыз — білім, қамқорлық және балалардың күлкісі.









Балабақша туралы
Біздің байлығымыз
«Rich baby» — Астанадағы жекеменшік балабақша: мемлекеттік талаптарға сәйкес жұмыс істейді, ақпарат ашықтығын қамтамасыз етеді.
Балабақша — баланың тұлға ретінде қалыптасатын, қабілетін ашатын және өзін қауіпсіз әрі бақытты сезінетін алғашқы маңызды ортасы. Бізде 3 топта 30 бала тәрбиеленеді, оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.
- Мемлекеттік стандарт + қосымша үйірмелер
- 5 реттік теңдестірілген тамақтану
- Жазбасы бар бейнебақылау (онлайн трансляция емес)
- Шағын топтар және әр балаға жеке көңіл бөлу
90 000 ₸айлық
Rich — үш қазына
Топтар
Үш шағын әлем
Әр топ — өз жасына сай ырғақ пен ойын. Барлығы бір ғимаратта, бір командада.
-
2–3 жас
-
3–4 жас
-
4–6 жас
Күн тәртібі
Күн қалай өтеді
Әр сағат — бір «алтын теңге»: тамақ, ойын, сабақ, ұйқы.
Қарсы алу және таңғы ас
Сабақтар, серуен, ойын
Түскі ас және ұйқы
Үйірмелер, кешкі ас, ата-аналарға тапсыру
Кезекші топ — 1000 ₸/сағат
Бағдарлама
Сабақтар мен үйірмелер
-
Математика Мектепке дейінгі балаларға арналған ойын математикасы: сандар, пішіндер, салыстыру, өлшеу және қарапайым амалдар.
-
Сөйлеу дамыту Ойын, ертегі және диалог арқылы сөздік қорды байытып, байланысты сөйлеу мен қарым-қатынас дағдыларын дамытамыз.
-
Шығармашылық Сурет, музыка және қолөнер қиялды, ұсақ моториканы және эмоционалдық интеллектті дамытады.
-
Дене шынықтыру Қозғалмалы ойындар мен жаттығулар денсаулықты, үйлесімділікті және белсенді өмір салтын нығайтады.
-
Сенсорика Сезім мүшелеріне арналған ойындар әлемді түс, пішін, дыбыс және сипау арқылы тануға көмектеседі.
-
Қоршаған әлем Зерттеулер мен қарапайым тәжірибелер баланың ой-өрісін және қызығушылығын кеңейтеді.
-
Сауат ашу 5+ жастағы балаларға арналған ойын әдістерімен оқу мен жазуға дайындық.
-
Жазу және оқу Ойын түрінде жазу мен оқуды меңгеру — мектепке сенімді бастама.
-
Би үйірмесі Би сабақтары пластиканы, ырғақты, сенімділікті және мерекелерде өнер көрсетуді дамытады.
-
Каратэ Аптасына 1 рет қауіпсіз ойын элементтері арқылы тәртіп, үйлесім және құрмет.
-
Ағылшын тілі Аптасына 1 рет тіл иесімен сабақ — тірі сөйлеу, ән және ойын.
-
Логопед Таза әрі сенімді сөйлеу үшін аптасына 2 рет логопед-дефектолог сабақтары.
-
Нейросабақтар Нейрожаттығулар зейінді, жадты және ми сыңарларының өзара әрекетін қолдауға көмектеседі.
-
Құм терапиясы Құм терапиясы эмоцияны білдіруге, кернеуді азайтуға және қиялды дамытуға көмектеседі.
Басшы
Директор туралы
«Бақытты бала — бақытты балалық шақтың бастауы!»
-
Директор
Балқожаева Әйгерім Бақытжанқызы
Экономика және бизнес мамандығы бойынша бакалавр және магистр, екі диплом да үздік.«Отбасы банк» АҚ-да 10 жыл еңбек; мектепке дейінгі білім беруде 3 жылдық басқару тәжірибесі; «Rich baby»-ді 3 жылдан бері басқарады.Екі баланың анасы. Басты құндылықтар — бақытты бала, сенімді ата-ана және кәсіби ұжым. «Бақытты бала — бақытты балалық шақтың бастауы!»
Фотосуреттер
Біздің кеңістік
Ғимарат, топ бөлмелері, ойын және оқу аймақтары. Балалардың фотосы тек ата-ананың рұқсатымен жарияланады.
Жылжытыңыз немесе суретті басып үлкейтіңіз
Байланыс
Келіп көруге жазылыңыз
Қысқа өтінім — біз сізбен хабарласамыз. Немесе WhatsApp-қа жазыңыз.
+7 705 313 19 92 +7 778 787 84 90 +7 707 505 25 31- Астана қ., Нұра ауданы, А. Нұршайықов к., 10 үй, 6–7 тү Картадан ашу
- 08:00 – 18:30
- Rich_baby23@mail.ru